Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Жетісай білім бөлімі басшылығы есепшілермен бірге 4 млрд теңгені жымқырған

жетісай
Фото: Айғақ

— Түркістан облысы прокуратурасы Жетісай ауданы білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есепшотына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды.

2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келген.

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды.

Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары изоляторға жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайы мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жарияланбайды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит 2026 өз жұмысын бастайды

admin_altyalash

Экономика өсіп, инфляция төмендеуде – Әлихан Смайылов Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы

admin_altyalash

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЖАСЫЛДЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ИГІ БАСТАМА

admin_altyalash