Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Нұртөре Жүсіп Түрікменстан Мәжілісінің «Халықтарды біріктіретін тарихи-мәдени құндылықтар» отырысына қатысты.

 https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/11335
Кездесуге қатысушылар мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелерін онлайн түрде талқылады, деп хабарлайды altyalash.kz senate.parlam.kz сілтеме жасап.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Махтумкули Фрагидің шығармашылық мұрасы Орталық Азиядағы барлық халықтардың мәдени мұрасы екеніне тоқталды және әлемдік әдебиет тарихына жазылғанын атап өтті. Депутат сонымен қатар Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастық достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойғы тарихи байланыстарға негізделгенін жеткізді.

«Қазақстан мен Түрікменстан ғасырлар бойы рухани тамыры бір ортақ тарихпен, достық және тату көршіліктің ізгі дәстүрімен, өзара ынтымақпен тығыз байланысып келеді. Бүгінгі таңда екі елдің Парламенттері, Үкіметтері мен мемлекеттік органдары арасындағы өзара белсенді іс-қимылды екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етуде. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар өзара іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі екені даусыз, ал қазақ және түрікмен диаспоралары байланыстырушы буын болып қала береді», – деді Нұртөре Жүсіп.

Шараға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Иран депутаттары да қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа өндіріс орны өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға серпін бермек

admin_altyalash

Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

admin_altyalash

Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі

admin_altyalash