28 маусымда парламенттік сессия жұмысының қорытындысы жасалады – Ерлан Қошанов – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

28 маусымда парламенттік сессия жұмысының қорытындысы жасалады – Ерлан Қошанов

26.06.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Ерлан Қошанов
Фото: Жаслан Жұмабеков

 – Мәжіліс 100 заң қабылдады, соның ішінде әр үшінші заңға депутаттар бастамашылық етті. Бұл туралы палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

«Бүгін біз Мәжілістің екінші сессиядағы жұмысын аяқтағалы отырмыз. Жалпы, парламенттік сессия жұмысын жұма күні Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қорытындылаймыз. Қазір енді Мәжіліс жұмысының кейбір нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтейін. Өткен сессия мазмұнды әрі нәтижелі болды. Президенттің ауқымды реформалар бағытын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша байыпты да қажырлы іс атқарылды. Осы сессияда біз 39 жалпы отырыс өткізіп, 302 мәселені қарадық. Мәжіліс 100 заң қабылдады, соның ішінде әр үшінші заңға депутаттар бастамашылық етті. Біз Президенттің саяси реформаларын ілгерілетуге бағытталған заңдар топтамасын қабылдадық. Олардың ішінде – сот жүйесі туралы конституциялық заң, адам саудасына қарсы  іс-қимыл туралы, масс-медиа туралы заңдар бар», – Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, қоғамды ұзақ уақыт бойы алаңдатып келген өткір мәселелер – халықтың шамадан тыс кредит алуы, әйелдер мен балалар қауіпсіздігі, сондай-ақ лудомания мәселелері заңнамалық тұрғыдан реттелді. Аса маңызды заңдар ішінен «Ұлттық қор – балаларға» және жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы құжаттар бар. Бұл заңдар – әлеуметтік әділеттілік қағидаттары іс жүзіне асып жатқанының айшықты айғағы.

«Ондаған жылдар бойы шахтерлердің, кеншілердің, металлургтердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі шешілмей келген еді. Осы орайда Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау туралы заң қабылдадық. Сол арқылы біз 400 мыңнан астам өндіріс еңбеккерлерінің талап-тілегін орындадық. Бұған қоса, ел Президентінің жаңа экономикалық саясатын іске асыру үшін мемлекеттік сатыпалым, бизнес жүргізу, жылу энергетикасы, жер қойнауын пайдалану туралы заңдар қабылданды. Депутаттар Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайда айтылған заңнамалық бастамаларын да іске асырды. Атап айтқанда, вейп таратуға қарсы, бірегей тарихи объектілерді қорғауға арналған заңнамалық шаралар қабылданды. Вандализм үшін жауапкершілік күшейтілді. Депутаттар өз қызметі аясында парламенттік бақылау әлеуетін толық көлемде пайдаланды. Мәжілісмендер мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары атына 527 депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалдарға азаматтардың талап-тілектері мен мұң-мұқтажы арқау болды», – деді Мәжіліс төрағасы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыдағы метро құрылысынан 5 миллиард қаржы жымқырған 10 адамға қатысты үкім шықты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәжіліс төрағасы елімізде шешілмей жатқан мәселелерді атады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.