Журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

26.06.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

БАҚ мерекесі
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

 – Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының биылғы иегерлері мен арнаулы аталым жеңімпаздары марапатталды.

Биыл жеті номинация бойынша 17 адам үздік деп танылды. Сыйлықты жеңімпаздарға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тапсырды.

Ол әуелі сыйлық жеңімпаздары мен барша БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Соңғы жылдары журналистердің қызметін, сөз бостандығын қамтамасыз ету жолында көп шаруа атқарылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының негізгі өзегі де сол. Соның бірден-бір көрінісі – осы Мәжіліс алаңы. Бүгінгі таңда БАҚ – бұл ақпаратты халыққа жеткізудің ең маңызды, объективті және жедел арнасы. Ал журналистер қауымын депутаттардың елді дамыту жолындағы нағыз одақтастары деуге болады, – деді Палата спикері.

Ерлан Қошанов Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген «Масс-медиа туралы» жаңа заңды депутаттар журналистермен бірге жазғанын және олардың көптеген ұсыныс-пікірін ескергенін атап өтті.

Жаңа заң бұқаралық ақпарат құралдарының мүдделерін қорғайды және отандық медиа саласын жетілдіруге мол мүмкіндік береді. Оның жұмысына журналистер арасынан шыққан ең белсенді депутаттар қатысты. Олар әрқашан өз әріптестерімен байланыста және Мәжілістің ашықтығы үшін көп жұмыс істейді.

Айта кету керек, 7 аталымның марапатын иеленгендер арасында «Қазақпарат» агенттігінің фототілшісі, 72 жастағы әріптесіміз Виктор Федюнин де бар. Ал Jibek Joly телеарнасы «Парламент сөзі» арнайы сыйлығына ие болды.

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Сонымен, «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясымен «Түркістан» газетінің бас редакторы Бабажанұлы Бауыржан, «Юридическая газета» басылымының тілшісі Сактаганова Линара Борыевна марапаталды.

«Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының тілшісі Бржанова Алина Рашитовна, «Almaty» телерадиокомпаниясының журналисі Ануарбек Өмір Серікбекұлы, «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының тілшісі Қайнетден Жанел Кенжебекқызы үздік деп танылды.

«Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясы «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі Федюнин Виктор Владимировичке, «МИР» телеарнасының телеоператоры Кураков Марат Кубайдулловичке табысталды.

«Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясын «BAQ.KZ» ақпарат агенттігінің тілшісі Раманқұлова Гүлжан Әбдікәрімқызы, «NS» радиосынан Бегимбетов Ербол Мейрханұлы, «BES.media» желілік басылымының журналисі Байманов Дамир Асқарұлы алды.

«Арнайы репортаж» номинациясы бойынша «24.kz» телеарнасы «Мәжіліс live» бағдарламасының жүргізушісі Шолгина Анна Александровна, «Abai.live» Youtube арнасының жүргізуші-редакторы Тленшиев Абай Сейфуллаұлы, «Zakon.kz» сайтының тілшісі Губенко Андрей Олегович марапатталды.

«Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Qazaqstan» Ұлттық арнасы «Apta» бағдарламасының жетекшісі Жаксылықова Жайна Сламбекқызы мен «Время» газетінің бас рекдакторы Тараков Лев Юрьевич жеңіске жетті.

БАҚ
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациясы «Tengrinews.kz» желілік басылымы мен «Jibek joly» телеарнасының ұжымына табысталды.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан еркін күрестен Азия чемпионатында үш қола жүлде алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан»: Алматыда жазғы акция басталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.