«Жүректен жүрекке» жобасының кезекті кезеңі басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге баспана алу үшін жолға шықты.
ҚХА мүшелерімен Ақмола және Қостанай облыстарында тұрғын үйінен айырылған отбасыларға баспана сатып алынды.
Бірінші болып Ассамблея өкілдері Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы Қабиденовтер отбасын: Дархан мен Ксенияны жақсы жаңалықпен қуантты. Олардың үйі су тасқынынан зардап шегіп, қалпына келтіруге жарамсыз болған. Жұбайларға баспана беріліп, көмек көрсетілді.
Екінші баспаналы болған тұрғын Айман Қазова төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Оның Арқалық қаласы маңындағы үйі де қалпына келтіруге жарамсыз деп белгіленген. Айманның құқық белгілейтін құжаттармен мәселелері болып, баспана алудан үміті үзілген еді. Ассамблеяның жаңа баспанасы Айманға жаңа үміт сыйлады.
Айта кетейік, ҚХА су тасқынының алғашқы күндерінен бастап табиғи апатпен күресу жұмыстарында көмек қолын созудан аянған жоқ. Өңірлердегі Достық үйлерінде еріктілер орталықтары мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, оған 12 мыңнан астам еріктілер ең ауыр және қауіпті учаскелерде көмек көрсетті. Өңірлік ҚХА өкілдері зардап шеккен өңірлерге 1727 тоннадан астам азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарларды жіберді. Сондай-ақ 85 жүк көлігімен (орта және ауыр жүк көлігі және т.б.) гуманитарлық көмек жіберілді, 60 бірлік арнайы техника (экскаватор, Камаз, самосвал және т.б.) әкелінді. Көрсетілген гуманитарлық көмек көлемі 807,4 млн теңгеден астам.
Осылайша, елімізге төнген табиғи апат қазақстандықтардың достығы берік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.