Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Фото: pexels.com

 – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді.

Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдері Марат Қожаевтан: «Қытайда шығарылған көптеген автомобильдің алдыңғы терезесі қараңғыланған. Қазақстанда мұндай қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе?», – деп сұраған еді.

Министрдің бірінші орынбасары бұл мәселе бүгін ғана көтеріп отырмағанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта ІІМ алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салу тарихын зерделеп жатыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр. Кедендік одақ регламенті бар. Онда алдыңғы терезе қаншалықты қараңғылануы тиіс екендігі жазылған. Бұл жол қозғалысы және Жол жүрісі ережесінің бұзылуы кезінде жүргізуші мен жолаушыны сәйкестендіруде қиындықтың болуына байланысты. Қазір құқық бұзушылықты тіркейтін жаңа техникалық құралдар шығып жатыр. Сондықтан мұның (алдыңғы терезені қараңғылауға рұқсат беру) қаншалық мүмкін екендігін немесе жол қозғалысы, қоғамдық тәртіп қауіпсіздіген зиян тигізетіндігін зерделеп жатырмыз. Мәселе зерделеніп жатыр, таяу уақытта сарапшылық қорытындымызды сіздерге жеткіземіз», – деді Марат Қожаев.

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі сауда орталығында алапат өрт болды (ВИДЕО)

admin_altyalash

Қазақстанда TikTok желісін бұғаттау күн тәртібінде тұрған жоқ – Қанат Ысқақов

admin_altyalash

«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

admin_altyalash