Димаш Құдайберген: Мақсатым – қазақ әртістерін әлемге таныту – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Димаш Құдайберген: Мақсатым – қазақ әртістерін әлемге таныту

30.06.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Димаш
Фото: Александр Павский / Kazinform

 – Алматыда өткен «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жоспарымен бөлісіп, әйгілі хиттерін орындады.

«Алдағы жылдары үлкен жобаларды қолға аламын. Мен қазір мүмкіндіктерімді тиімді пайдаланғым келеді. Халықаралық аренаға қазақтын ұл-қыздарын шығарсам деймін. Барынша қолдап, жол сілтеп, мықты менеджерлермен таныстырып, үлкен агенттерге көрсетіп, жол салып бергім келеді. Менің де дәуренім өтпелі. Бұл күн бүгін бар, ертең жоқ. Сондықтан қазаққа қазақтың мүддесі үшін пайдамды тигізе алсам одан басқа менің арманым жоқ. Мен 5 жасымнан бастап музыкадан дәріс алып келе жатырмын. Биыл докторлық дәрежемді қорғаймын. Жинаған тәжірбиемді үлкен әнші болуды армандап жүрген жас жеткеншектермен бөліскім келеді»,- дейді Димаш Құдайберген.

Димаш
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ол сондай-ақ түрлі қалалар мен елдерден ұшып келген жанкүйерлеріне алғыс айтты. Республика сарайының сахнасында жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін білдірді. Әнші «Отаның қандай?» деген сұраққа жауап берді.

Димаш
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Рұқсат етсеңіз, мен бұл сұраққа философиялық тұрғыдан жауап берейін. Ағылшын-америкалық жазушы Томас Пейн былай деген екен: «Жер – менің Отаным, барлық адамдар – менің бауырым» деген. Бұл жерде мен өз Отанымды, елімді, халқымды сүйетінімді айтқым келеді, бірақ мен адамзатты дінге, елге, ұлтқа бөлгім келмейді. Біз, қазақ – дана халықпыз, әр адам өзі үшін жауапты. Достарына, айналасына мейірімді болуы керек, сонда бұл адам өзінің даналығын көрсетеді. Менің ойымша, әрбір мемлекет осы философияны ұстануы қажет. Ата-бабаларымыз осы Жер үшін күресіп, оны ұрпақтарына аманат етіп қалдырды. Ал біз оны кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Біз ұлы болашаққа дайын екенімізді, ұлы бабалардың ұрпағы екенімізді көрсетуіміз керек. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын»,- деді ол

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Нұртөре Жүсіп Иордания Елшісімен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.