ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 100 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 100 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

30.06.2024
0
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 100 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

фото:ашықдереккөз

Өткен жылы ауыл шаруашылығын субсидиялауға 490 млрд теңге бөлінді. Биылғы жоспарда көрсеткішті арттыру көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің де субсидиялауға деген көзқарасы күннен күнге өзгеріп келеді.

Мәселен, еліміздегі шаруа қожалықтарының бірі  «Найдоровское» шаруа қожалығы 2000 жылы құрылған. Ол кезеңде 200 гектарға ғана бидай егілді. Шаруашылық ақырындап өркендей бастады. Сонымен қатар егіс алқабы ұлғайып, өнім жүз есе артты. Биылдың өзінде 20 мың гектарға егін егілді. Бидай ғана емес, бұршақ, майлы дақылдар, картоп да өсіріледі. Шаруа қожалығының жетекшісінің айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына қаражат бөлу жолға қойылған. Субсидия ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша беріледі екен. Бұл қожалық үшін де, жалпы сол өңірдегі халықтың әл-ауқаты үшін де пайдалы болмақ. Ал субсидия болмаса, тауардың бағасы қымбаттап кетуі мүмкін. Онымен қоса тауарды тасымалдау, өңдеу және т.б. құны көтеріліп, бағалар жоғары болатыны анық еді. Бүгінде шаруашылықта асытық шығымы қалыпты. Былтырғы жылы ел көлемінде гектарына 10 центнерден болса, шаруашылықта 20 центнер астық берген. Орталық Қазақстанның қатаң климатына қарамастан, көрсеткіштерге агротехниканың көмегі көп тиді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, негізгі өзгерістердің бірі – басымдықтың минералды тыңайтқыштарға берілуі. Отандық тыңайтқыштарға аванстық субсидиялау енгізілді. Осылайша норматив 50 пайызға көтерілді. Субсидия арқылы тыңайтқыш көлемі 960 мың тоннаға ұлғайтылды. Ал бұған дейін оның үлесі 680 мыңнан аспаған болатын. Қазақстан өсімдік шаруашылығын дамыту үшін жыл сайын 100 миллиард теңге қаражат бөледі. Ендігі мақсат – цифрлы технологияларды көптеп енгізу. Шетелден келетін технологиялардың қымбат болатыны сөзсіз. Оған қарастырылатын субсидияның 42 пайыздан 6,5 пайызға дейін қысқаруы да жағдайды қиындатқаны анық. Алайда бұл мәселені шешу ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіретінде. Шаруалар өнім көлемін төмендетпеу, ішкі нарықтағы бағаны шарықтатпау сияқты өзара міндеттеме алады. Мәселен, мал шаруашылығымен айналысатындар жыл сайын мал басын кем дегенде 5 пайызға көбейтіп отыруы керек. Айтпақшы, олар үшін барлық дерлік субсидиялар сақталды. Төтенше және қалыптан тыс ауа райы жағдайында ғана жем сатып алу ғана субсидияланады. Олардың қатарында Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстары бар. Қазір жергілікті атқарушы органдарға берілетін субсидия көлемі шамамен 420 миллиардты құрайды. Жалпы, алдағы бес жылда Қазақстандағы саланы несиелендіруге 10,5 триллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл қаражат көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді жеңілдетілген несиелендіруге, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке алуға, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АРМЕНИЯ ҚАЗАҚСТАН БИДАЙЫН САТЫП АЛУҒА МҮДДЕЛІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.