Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

«Qnet» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды

Фото: alataunews.kz

Қостанай қаласының №2 сотында «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған әйелге қатысты іс қаралды,

Сотта анықталғандай, айыпталушы 2017 жылдың тамызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында Қостанай облысының аумағында бүкіл әлем бойынша түрлі өнімдерді ұсынып, интернет-саудамен айналысатын «Qnet» халықаралық компаниясының тәуелсіз өкілі болып тіркеліп, қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Сондай-ақ, ол ұйымды жарнамалауға бағытталған іс-қимылдарды үйлестіре отырып, азаматтарды алдау арқылы қаржы пирамидасына қатысуға көндіріп, оларға екінші деңгейдегі банктерден несие алуға көмектескен.

Осылайша, ол «Qnet» компаниясына жалпы көлемі 86 млн теңгеден асатын 94 азаматтың жинақтарын тартқан.

Сот барысында әйел өз кінәсін мойындамай, оны ақтауды өтінген.

Сотталушының жеке басын, ұзақ уақыт бойы жасалған және өзі өтемеген 94 жәбірленушіге материалдық залал келтірген іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот И.-ға қаржы, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл жеңіс – мен үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен қуаныш

admin_altyalash

Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқауына қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен вокалистер шақырылады

admin_altyalash

ҰЛТТЫҚ ЖОБА: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АУДАНАРАЛЫҚ АУРУХАНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin_altyalash