Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтарСаясат

Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды

 Фото: Ақорда
Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды

Бүгін Қытай төрағасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Әуежайдағы қарсы алу салтанатында бірнеше қазақ баласы Қытай төрағасына арнап қытай тілінде ән шырқап, жылы лебізін жеткізді.

ҚХР төрағасы балаларға ризашылығын білдіріп, болашақта Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды.
«Баршаңызға рахмет! Болашақта Қытай университеттеріне оқуға түсіңіздер, мәселен Цинхуа немесе Бейжің университетіне, кез келген оқу орнына келіңіздер. Біз сіздерді қуана қарсы аламыз!» — деді Си Цзиньпин.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Қазақстан қыздар құрамасы ватерполдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

admin_altyalash

Елордалық еріктілер мен коммуналдық қызмет мамандары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күресте көмектесуде

admin_altyalash