Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

500 шетелдік жұмысшы қажет – Көлік министрі Премьер-министрден көмек сұрады

Фото: primeminister.kz

 –Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министр Олжас Бектеновтен көмек сұрады.

Әңгіме жол құрылыс жобаларына шетелдік жұмысшылар тарту және қажетті жер телімдерін рәсімдеу туралы болып отыр.

«Құрметті Олжас Абайұлы, осы жобаларды іске асыру барысында 2 мәселе туындауда. Олардың бірі, Қарағанды, Абай, Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға 500 квота мөлшерінде жетіспеушілік байқалады», – деді министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысынан жол жобаларына қажетті жер телімдерін рәсімдеуге де Премьер-министрдің көмегі керек екенін айтты.

«Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдіктерінде кейбір жер учаскелерін сатып алу рәсімі ұзаққа созылып кетті. Аталған мәселелер бойынша тиісті атқарушы органдарға тапсырма беруіңізді сұраймын», – деді Марат Қарабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Шикізат емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе артады

admin_altyalash

Иран Израильге қарсы соққы жасады

admin_altyalash

Мемлекет мүддесін қорғау бойынша шаралар қабылданды

admin_altyalash