Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Парижде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды – президент Маржықпаевты қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады,

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», – деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар

Президент «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

admin_altyalash

Алматыда 9 балдық жер сілкінсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін – ТЖМ

admin_altyalash

Мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады

admin_altyalash