Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте қай орында тұр? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте қай орында тұр?

10.07.2024
0
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте қай орында тұр?

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Фото: ҰОК
Париж Олимпиадасының басталуына екі аптадан сәл асатын уақыт қалды. Қазіргі таңда Қазақстан командасы төртжылдық додасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Осы орайда Olympic.kz отандық атлеттердің әлемдік рейтингтегі жағдайына шолу жасады, 
Әлемдік рейтинг көп жағдайда жеребе тарту рәсіміне әсер етеді және спортшының жарыс алдындағы деңгейінен хабар береді.

Әзірге, Қазақстан командасы сапынан әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған спортшы – Азамат Дәулетбеков. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түсетін балуан біраздан бері тізгінді ешкімге берген жоқ. Азамат соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Олимпиадаға қатысатын тағы бір балуанымыз Әлішер Ерғали әлемдік рейтингте 8-орында тұр. Ал Парижге жолдама алғаны күні кеше белгілі болған Мейрамбек Қартбай өз салмағында төртінші орында.

Грек-рим күресінен 60 келідегі Айдос Сұлтанғали алғашқы ондыққа енген жоқ. 77 келідегі Демеу Жадыраев UWW түзген рейтингте 7-сатыға тұрақтады. 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов бесінші сатыда.

Теннистен Қазақстан командасының үздігі Елена Рыбакина WTA рейтингінде 4-орында келеді. Парижде бақ сынайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева әлемнің 35-ракеткасы саналады.

Ерлер арасында сынға түсетін Александр Бублик АТР рейтингінде 23-сатыға орналасты. Александр Шевченко әлемдік рейтингтің 57-орнында.

Дзюдошылар арасындағы ең жоғарғы рейтинг Абиба Әбужақыноваға (48 келі) тиесілі. Ол олимпиадалық рейтингте үздік үштікті тұйықтап тұр. Ерлер  арасында ең көп ұпай жинаған Абылайхан Жұбаназар (81 келі) оныншы сатыға тұрақтады.  Елдос Сметов (60 келі) рейтингте  22-орында.

Семсерлесуден әлемдік рейтинг нәтижесі Олимпиада ойындарының жеребе тарту рәсіміне тікелей әсер етеді. Командалық сында Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 4-орында.

Ал жекелей сында қазақстандық спортшылар арасынан Руслан Курбанов жоғары орналасқан. Ол 12-сатыда. Ерлік Сертай 35, Эльмир Алимжанов 47, Вадим Шарлаимов 65-орында.

Сондай-ақ, велоспорттан Қазақстан командасы өткен маусым қорытындысы бойынша UCI рейтингінде 19-орын алды.

Спорттық гимнастика өкілі Нариман Курбанов әлем кубогі кезеңдерінен соң құрылған рейтингте 2-орын иеленіп, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент рақымшылық жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы сотталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.