Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды

фото:видеоданскриншот

Жамбыл облысы орталығының аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен іздеуде болған көк түсті Hyundai Elantra автокөлігін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Аталмыш көлік құралының жүргізушісі жол ережесін қасақана бұзушы болып саналады және оның айыппұлдары бойынша үлкен берешегі бар. Бұл автокөлікке 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 миллион 696 706 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның басым бөлігі жылдамдық режимін бұзғаны үшін берілген, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Мәліметке сай, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деп толықтырды ведомство.

Атап өтсек, «Қорғау» мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты қадағалау тиімділігін арттыру үшін енгізілді. Онда Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген. Олардан мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі.

Бұл нақты уақыт режимінде көлікті сақтандыру полисінсіз пайдаланылатындар, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар, іздеуде жүргендер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушылар және тағы басқаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Астаналық спортшы Қытайда өткен турнирде екі медаль жеңіп алды

admin_altyalash

Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

admin_altyalash

Биылдан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 202 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды

admin_altyalash