Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі белгілі болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Мамыр 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі белгілі болды

11.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бас демеушісі болып танылды.

Нуров
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысы Наиль Нұров пен «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов қатысты.

«Отандық алпауыт компанияның жылдың ең маңызды оқиғасы – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызығушылық танытуы отандық спортқа, оның ішінде ұлттық спортқа деген жоғары құрметті көрсетеді. Біз Alageum Electric компаниясының 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлігі болғанына қуаныштымыз», – деді дирекция басшысы Наиль Нұров.

 

ойыны
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ұлттық спорт түрлерін қолдау және оларды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жүйелеу мақсатында 2024 жылы «Ұлттық спорт түрлерін қолдау қоры» Қоғамдық қоры құрылды.

«Ұлттық спорт қорының» басты мақсаты: ұлттық спорт түрлерін дамыту, спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттау әрі сақтау. Одан бөлек ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстардың сапалы өтуіне, спортшыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға және даму бағдарламаларын іске асыруға ықпал жасап, ұлттық спорт түрлерін зерттеу және дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару қордың тікелей қызметі болмақ.

«Біздің компания әрқашан еліміздің мәдени және спорттық дәстүрін қолдауға және дамытуға ұмтылады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі мәртебесі – бұл біздің ағымдағы жұмысымыздың жалғасы деп санауға болады. Біз халықаралық аренада дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға өз үлесімізді қоса алуымызды мақтан тұтамыз», – деді «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

«Alageum Electric» электротехника компаниясы Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаевтың тікелей мұрындық болуымен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын қолдауға ниет білдірді. Бұл маңызды қадам Компанияның ұлттық спорт түрлерін қолдау және дамыту жолындағы адалдығын, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілігін, тамырына және халықтың тарихи мұрасына деген құрметін көрсетеді.

көшпенділер ойыны
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Естеріңізге сала кетейік, этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Іс-шарада 89 елден 2000-нан астам қатысушы болады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Науқастар заманауи ем алуға тиіс – онколог Диляра Қайдарова

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Таразда прокурор шелпекке қақалып, қайтыс болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.