Олжас Бектенов Алматыны сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов Алматыны сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді

11.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Үкімет

– Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматыға барды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Сорғы стансасының аумағында Үкімет басшысы мегаполистің жоғарғы аудандарын сумен қамтамасыз етудің резервтік жүйесін салу жұмысының қарқынын тексерді. Жобаның маңызы жер үсті суларына тәуелділікке байланысты. Бұған дейін 2023 жылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте селдің көбеюі және өзен суы лайлануының артуына байланысты Президент қаланың жоғарғы бөлігіне ауыз су беруді шектемеу үшін аталған мәселені шешуге тапсырма берген болатын. Мәселен, Алматы 6 негізгі көзден: Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінен және Алматы мен Талғар кен орындарының жерасты су жинағышы арқылы сумен қамтамасыз етіледі.

су стансасы
Фото: Үкімет

Қала тұрғындарын сумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Талғар жерасты су жинағышынан тәулігіне 17 мың м3 көлемінде қолданыстағы желілерді қосымша толықтыруға жағдай жасалды. Жоба қуаттылығы 15 мың м3 болатын жаңа 6 ұңғыма салуды және қуаттылықты 60%-ға арттыра отырып, 6 сорғы стансасындағы 14 сорғыны толық ауыстыруды көздейді. Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Президенттің резервтік жүйе туралы тапсырмасының орындалғанын баяндады.

Сонымен қатар Премьер-Министрге Алматы қаласының барлық тұрғынын орталықтандырылған сумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы баяндалды. Өткен жылы 117 шақырым су құбыры салынып, 46 шақырымы жаңғыртылды, бұл Алматы тұрғындарының 99,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының тұрғындарын сумен қамту мәселесін шешу үшін 4 су жинағыш құрылысы мен жобасы жүргізілуде. Биыл 142 шақырым инженерлік коммуникация салу және 48 шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Қабылданған шаралар жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6%-ын орталық сумен қамтуға және желілердің тозу деңгейін 53,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

су стансасы
Фото: Үкімет

Үкімет басшысы халықтың ауыз суға қол жеткізуінің маңыздылығын атап өтіп, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Сумен қамту – стратегиялық мәселе. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуі – әкімдіктің басты міндеті. Өткен жазда мәселе бар екені байқалды. Сондықтан барлық басталған жобаларды аяқтау маңызды. Әкімдік әзірлеп жатқан Алматы қаласын сумен жабдықтау схемасында тұрғывндарды сумен түрлі баламалы көздерден қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарқара төріндегі қымызмұрындық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Науқастар заманауи ем алуға тиіс – онколог Диляра Қайдарова

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.