Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды

фото: polisia.kz

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы – таяу шетел азаматы ұсталған.

ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдары бар 2 ұялы телефонды тәркілеген.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты

admin_altyalash

«9-20-25» баспана бағдарламасы келесі жылдан бастап іске қосылады – Смайылов

admin_altyalash

Бүтін бір отбасы ажалдан аман қалды

admin_altyalash