Ұлттық банк басшысы Азат Перуашевтің сынына жауап берді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы Азат Перуашевтің сынына жауап берді

12.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: ҰБ

 — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің елдегі ақша-несие саясатын сынап жазған пайымына пікір білдірді.

«Ақ жол» партиясының депутаты Азат Перуашев базалық ставканы бүгін сіздер жариялаған деңгейге дейін түсіру — түкке тұрғысыз шешім екенін жазды. Өз партиясының жылдар бойы базалық мөлшерлемені 5-7 пайыз дәлізіне дейін түсіру керектігін айтып келе жатқанымен, құлақ аспай отырғандарыңызды айтыпты. Пайыздың жоғары болуы өндірушілерге ауыр тиіп жатқанын да айтқан. Бұл мәлімдеге қандай жауап айтасыз?» — деп сұрады БАҚ өкілі.

Тимур Сүлейменов бір партияның сынына бола бүкіл халықтың тіршілігіне кері әсер ететін шешім қабылдау мүмкін еместігін тілге тиек етті.

«Депутатқа жауап деген дұрыс емес шығар. Өйткені ол маған тікелей сауал жолдап отырған жоқ. „Ақ жол“ партиясының ұстанымына келсек, ол — кәсіпкерлердің, өнеркәсіп иелерінің партиясы. Сондықтан да Мәжіліс құрылымындағы өте маңызды партия. Олар бірінші кезекте және басты негізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Солай болуы да керек. Бірақ біздің елде кәсіпкерлер ғана тұрып жатқан жоқ. Халықтың көпшілігі кәсіпкер емес. Жалдамалы жұмыс істеп жүргендер, студенттер, балалар, зейнеткерлер бар деген сияқты… Инфляцияның әсері бәріне тиеді. Бірақ бәріне бірдей деңгейде тимейді. Табысы көбірек адамдарға инфляция азырақ әсер етеді. Ал айлықтан айлыққа дейін өмір сүріп жүргендерге кез келген тауардың бағасы кез келген мөлшерде өссе, әсері қатты сезіледі. Азық-түлік тауары болса да, азық-түлікке жатпайтын тауар болса да солай. Сондықтан оларды назардан тыс қалдыра алмаймыз. Біздің негізгі мандатымыз — баға тұрақтылығы», — деді ол.

Тимур Сүлейменов базалық ставка төмен болса, кәсіпкерлердің банктен алатын несие мөлшерлемесі де төмен болатынын атап өтті.

«Инфляция деген — макроэкономикадағы ең қиын басқарылатын көрсеткіш, құбылыс. Сәйкесінше, біз несиені арзандатудың жолында базалық мөлшерлемені түсіре алмаймыз. Түсірмейміз де! Бізге инфляцияны түсіру қажет, сондықтан инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-несие саясатын жалғастыра береміз. Кәсіпкерлер алатын несиенің пайызы жеңіл, өзі қолжетімді болуы үшін Үкімет тарапынан, „Бәйтерек“, жергілікті әкімдіктер тарапынан көптеген қолдау шаралары қабылданған. Яғни, олар өз сайлаушыларының пікірін жариялауға құқылы. Бірақ Ұлттық банк бүкіл халықтың мүддесіне жұмыс істейтіндіктен де Ұлттық банк есептеледі», — деді Ұлттық банк басшысы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекеттен баспана алуға 650 мың адам кезекте тұр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ет сапасын енді QR-код арқылы тексеруге болады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.