Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
М.Әйтеновтің үстінен «Отбасы-тұрмыстық қатынастары саласындағы заңға қайшы келетін әрекеттері фактісі негізінде әкімшілік іс қозғалып отыр.
“Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады полиция.
Еске сала кетсек, жұма күні М.Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден сүйреп шығарып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ал ертесі күні жәбірленуші әйел әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысынан көмек сұрап, үндеу жариялады. Әйелдің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі соңғы жылда олардың өмірін тозаққа айналдырып жіберген.