Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Астанада арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды

ыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“460-тан аса автокөлікті заңсыз есепке қоюмен айналысқан ҰҚТ мүшелеріне – елордалық Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға (12 адам 3,5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 3 адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды) қатысты үкім шығарылды”, – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болған.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады

admin_altyalash

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі артып келеді

admin_altyalash

Үйді онлайн сатып алуға бола ма?

admin_altyalash