Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарӨнер

Ерназар Жұбан «Славян базары» фестивалінде бірінші орын алды

Фото: fest-sbv.gck.by

Қазақстандық Ерназар Жұбан Витебскіде өткен «Славян базары» өнер фестивалінде бірінші орын алды. Ал бас жүлде молдовалық әншіге бұйырды,

Осымен барлығы осылай аяқталды! Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім! Еңбек ақталды деп ойлаймын. Осы 1-орнымды еліме арнағым келеді. Әке-шешем, бауырларыма алғыс айтамын! Барлық жанкүйерге рақметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдар да, қолдауларыңды сездім. Ұйықтамай күткен жандарға көп рақмет! Жанымда болып, қолдау көрсетіп, менімен уайымдаған менің продюсерім Байғали Серкебаевқа барлығы үшін алғыс айтқым келеді, – деп жазды Ерназар Жұбан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Витебскідегі «Славян базары» XXXIII халықаралық өнер фестивалінің бірінші күнінде қазақстандық Ерназар Жұбанның «Подберу музыку» композициясы көрермен мен қазылар алқасын баурап, барлығы 70 ұпайдың 69-ын алған еді.

Ол ән шырқап болғаннан кейін жергілікті «Белта» ақпарат құралына берген сұқбатында «Славян базары» байқауына қатысуға 6 жыл қатарынан тырысқанын, сөйтіп алтыншы жыл дегенде ғана мүмкіндік алғанын айтып берді.

Айта кетейік, халықаралық ән байқауы 9-15 шілде аралығында өтті.

Ұқсас жаңалықтар

БЕЙНЕУ ТЕРМИНАЛЫ 100 МЫҢ ТОННА АСТЫҚ САҚТАЙДЫ

admin_altyalash

Көкшетауда «Жас құтқарушы» республикалық слетінің салтанатты жабылуы өтті

admin_altyalash

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

admin_altyalash