Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті

www.istockphoto.com
Қайғылы жағдай 11 шілде күні Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. 13 жастағы екі қыз бен 12 жастағы қыз Жайыққа суға шомылуға кетіп, қайтып оралмады. Бұл туралы “Орал апталығы” порталы жариялады.
Жасөспірімдер жоғалып кеткен күні кешке ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған. Қызметкерлер қыздарды іздеу жұмыстарын сол сәтте бастап кетті.

Қыздардың денесі 12 шілде күні таңертең табылды.

“Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері үш қыздың қайтыс болғанын растады”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 бала суға кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы гүлзарында селфи жасағандарға 370 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

admin_altyalash

Бір палаталы Парламентке көшу – демократия жолындағы шешуші қадам

admin_altyalash

Ердоған су жаңа түріктің Altay танкісін таныстырды

admin_altyalash