Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Газбен қамтуға қатысты арыз-шағым көп – Олжас Бектенов

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

 – Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықты газбен қамтуда сапалы қызмет көрсету қажеттігін баса айтты.

«Үкіметке азаматтардан газбен жабдықтау мәселесіне қатысты көптеген арыз-шағым келіп түсіп жатыр. Тиісті мекемелер бірінші кезекте, халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет. Туындаған проблемаларды дереу шешу керек. Алматы өңірінің газға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің жобасы іске асырылып жатыр», – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-Министр газ құбырының қорғау аймағында жекеменшік құрылыстардың болуына байланысты жерлерді алу қажеттігі туындап отырғанын айтты.

«Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктеріне бұл жұмысты жедел жүргізуді тапсырамын», – дейді О.Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлы даланың материалдық емес мәдени мұрасын сақтаудың маңызын атап өтті

admin_altyalash

Адам донор болған кезде, өзін қажет, маңызды тұлға ретінде сезінеді

admin_altyalash

Астанада ботаникалық бақ аумағында отшашу болады

admin_altyalash