Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды

Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келген құпия сөзді ешкімге жібермеу керегі ескертілді.

eGov.kz мәліметінше, алаяқтар хабарламада келген кодты алып, цифрлық мәліметтеріңізге қол жеткізуі мүмкін.

“ЭЦҚ-ны өзге адамға берсеңіз алаяқтар түрлі құжаттарға заңды түрде сіздің атыңыздан қол қоя алады”, – делінген хабарламада.

Жеке деректерді қалай қорғауға болады:

1414 кодын үшінші тұлғаларға бермеңіз;

ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;

егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілттері болса, онда олар жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтарып алуды қадағалау қажет;

ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беру қажет;

ЭЦҚ кілттері бар флэш дискіні жоғалтқан кезде ЭЦҚ жоғалған кілттерін кері қайтарып алу қажет;

ХҚКО-да ЭЦҚ кілттерін алған кезде олардың құпия сөзін өзгертуді ұмытпаңыз;

бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін алуда ақылы көмекті қабылдамаңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл қасиеттер – еліміздің жарқын болашағының берік іргетасы болмақ

admin_altyalash

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған

admin_altyalash

Атырауда құтқарушылар күн сайын Жайық өзенін патрульдеуде

admin_altyalash