«Қазақша түсінбей қала ма?»: Алматы тұрғыны мектеп атауын екі тілде жазуға қарсы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

«Қазақша түсінбей қала ма?»: Алматы тұрғыны мектеп атауын екі тілде жазуға қарсы

18.07.2024
0
«Қазақша түсінбей қала ма?»: Алматы тұрғыны мектеп атауын екі тілде жазуға қарсы
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың сұрағына жауап берді. Жиында алматылық әйел мектептер мен аялдамадағы атаулардың қазақ және орыс тілінде қатар жазылатынына қарсы екенін жеткізді,

«Кездесуге келген халықтың  90 пайызы өзге тілде сөйлейтінін байқап отырмыз. Бұл Тәуелсіздік алғанымызға 33 жыл болса да, мемлекеттік тілдің әлі де өзекті екенінің айқын көрінісі. Алматыда қазақтілді мектептер жалпы мектептердің 35%-ын ғана құрайды екен. Оның өзі – мемлекеттік мектептер. Ал жекеменшік мектептермен қосатын болса, онда одан да төмен. 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «мемлекеттік тіл ортақ тілге айналуы керек» деп үндеу жасады. Сол бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

2022 жылы жарнамалар мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ғана өзге тілде жазылсын деп көрсетілді. Білім алушылар баратын мектептерде қазақшамен қатар «школа-гимназия» №202» деп жазып қояды. Сонда оқушылар «школа-гимназия» деп орысша аударып қоймаса, қазақша түсінбей қала ма?», деп сұрады Алматы тұрғыны.

Тұрғынның айтуынша, қоғамдық көлікте де «Абай аялдамасы» және «остановка имени Абая» деп қатар қолданылады. Соған байланысты қазақ тілін ортақ тілге айналдыру үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын сұрады.

Қала әкімі Ерболат Досаев тұрғынның сұрағына жазбаша жауап беретінін айтты.

2022 жылдан бастап қалада қандай өзгерістер бар екеніне жазбаша жауап береміз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны дамыту бағытында көп жұмыс істеліп жатыр. Мектептерге келсек, қаламызда қазақтілді лицей, гимназия ашып жатырмыз. Бірінші сыныпқа келген балалардың 90%-ы қазақ тілінде білім алады, – деді Досаев.

Алматы тұрғынының сөзінше, Абай даңғылы бойында Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралықтағы көшелерде жарнамалар қазақ тілінде жазылмаған.

Сондай-ақ Әуезов ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында №97 мектептің апатты ғимаратын бұзу арқылы 600 орынға лайықталған жаңа мектеп салынатыны айтылды. Мектеп жаңа оқу жылында ашылады деп жоспарланған.

«№9 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Нысанның дайындығы 90%, қалған жұмыстарды ескере отырып, осы мектепті осы жылдың тамызында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деді Ерболат Досаев.

№72 мектептің ескі ғимаратын бұзып, жаңа ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

№42 мектепке 300 орынға лайықталған қосымша жоба бар. Жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, Әуезов ауданында 55 мектеп бар, оның ішінде 33 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Ол жерде 59 мың оқушы оқиды. Қазір оқушы орны тапшылығы 5 мыңнан асады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Қытай 75 млн долларға етті экспорттауға келісті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтар Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан алдауға көшті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.