ШАРУАЛАРҒА ЖАҢА ТЕХНИКА АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 22, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШАРУАЛАРҒА ЖАҢА ТЕХНИКА АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

19.07.2024
0
ШАРУАЛАРҒА ЖАҢА ТЕХНИКА АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

фото:ашықдереккөз

Жыл сайынғы ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесінде Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала 2» несиелеудің жаңа бағдарламасын ұсынды. Бұл жоба аясында фермерлер тиімді шарттармен несие ала алады. «Агрокапитал» ірі кәсіпорнының басшысы Ислам Маржақыпов ауыл шаруашылығы техникаларымен танысып отыруға, мүмкіндік болса сатып алуға тырсады екен. Себебі жыл өткен сайын техниканың түр-түрі шығып жатқаны жасырын емес.

«Мен осы көрмеге келген сайын комбайндар мен өзге де технолгияларды қарап жүремін. Себебі менің шаруашылылығым үшін өте маңызды екенін айтқым келеді. Біздің тәжірибеміз «ҚазАгроҚаржыдан» басталды. Біз бірінші комбайнды сатып алғанда, біз оны агробизнес үшін алдық. Келесі жылы 6 пайызбен лизингке алдық, ал өткен жылы «Кен Дала» арқылы қаржы алдық. Биыл «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 150 миллион несие алдық. Басты мақсат –  еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да ашу. Сол себепті мұндай мүмкіндіктердің болғаны құба-құп» – деді «Агрокапитал-2018» ЖШС директоры Ислам Маржақыпов.

Осы жылы корпорация жаңа жобаларды іске қосты. Соның арқасында фермерлер 5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, пайдасына жаратты. Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Марлен Нәбиевтің айтуынша, жыл сайын бұл бағытқа 140 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Биылдан бастап жаңадан іске қосылған бағдарламаның бірі осы –  «Кең дала 2» бағдарламасы. Аталған бағытта шаруалар мемлекеттен субсидия күтіп отырмай, тікелей алуға мүмкіндік беріледі.

«Біз сату арналарымызды кеңейттік. Бұрын «Кең далаға» несие серіктестіктері мен екінші деңгейлі банктер арқылы өтініш беруге болатын еді. Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік компаниялар арқылы тікелей қаржыландыруды енгіздік. Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қазірдің өзінде 125 миллиард теңге көлемінде несие берілді. Бағдарламада мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі де қарастырылған» – деді ол.

Айта кетейік, несие сомасының басым бөлігіне «Даму» қоры кепілдік береді. 17 маусымнан бастап «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасы мен холдинг Үкіметпен бірлесіп жеңілдікті лизингке 100 миллиард теңге бөлді. Аталған бағдарлама жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін пайдалы бағдарламаның бірі болмақ. Сол арқылы фермерлеріміз техниканы сатып алуға, өнім үлесін көбейтуге мүмкіндігі бар.

Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроқаржы» АҚ өкілдері жыл сайын көрме өткізіп, шаруаларға кеңес беруге, жол көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда утиль алымы жойылмайтын болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.