АСЫҚШЫЛАР БУРАБАЙДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АСЫҚШЫЛАР БУРАБАЙДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

20.07.2024
0
АСЫҚШЫЛАР БУРАБАЙДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

фото:ашықдереккөз

Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы Бурабайда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. 25 шілдеге дейін созылатын оқу-жаттығу жиыны Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерінен республикалық олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтіп жатыр.

«Оқу-жаттығу жиынына Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарынан келген ұлттық құрама мүшелері жиналды. Мұнда асықшылардың алаңсыз жаттығу жасап, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тыңғылықты дайындалуына барлық жағдай жасалған. Аталған байрақты бәсекеде жеңімпаз атану үшін бар күшімізді саламыз», – деді Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.

Бұл – асықшылардың жыл басынан бері өткізіп жатқан төртінші оқу-жаттығу жиыны. Соңғы жиын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Республикалық асық ату федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, теңге ілу, «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Хан Кененің айбыны

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жағдайы ауыр»: Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болып, 8 қызметкер зардап шекті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.