Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үйлі болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үйлі болды

20.07.2024
0
Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үйлі болды
фото: primeminister.kz

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен 57 отбасыға жаңа үй берілді,

Үш айдың ішінде Қостанай облысында 57 отбасы үшін тұрғын үй салынды, тағы 315 отбасы үшін үйлер мен пәтерлер сатып алынды. Жөндеуді қажет болған 815 үйді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп мәлімдеді Үкімет.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Арқалықта салынып жатқан көппәтерлі үйдің құрылыс барысын және мердігерлердің жұмысын тексерді. «Базис А» компаниясының қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үй 50 отбасына арналған. Сондай-ақ вице-премьер Арқалық ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Жангелді ауданының Көлкамыс ауылында 19 үй салынып жатыр. Үйлер «Қазақстан Халқына» қоры есебінен салынып, шілде айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал Жангелдин ауданының Тауыш ауылында су тасқынынан зардап шеккен барлық 22 отбасы бүгін қоныстой тойлады.

Сондай-ақ жаңа тұрғын үйдің кілтін Қостанайда 14 отбасы алды. Салтанатты жиында Қанат Бозымбаев пәтер иелерін құттықтап, оларға төзімділік пен шыдамдылық танытқаны үшін тағы да алғыс айтты. Тұрғын үй «Көмек Кст» қорының, өңірді қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосқан бизнес пен бейжай қалмаған қазақстандықтардың қаражатына салынды.

Су кетіп, қиын жағдай болды. Үйіміз құлап, жөндеуге жарамай кетті. Шын айтсам, толқынып тұрмын. Сөйлеуге жүрегім ауырып тұр. Өте қуаныштымыз. Ескі үйіміз саманнан болган, 18 жыл тұрдық. Жаңа үйіміз керемет, үлкен, үш бөлмелі. Барлығыңызға рақмет!, — деп бөлісті Қостанай қаласының тұрғыны Сапарғали Ибраев.

«Біз жолдасым екеуміз 40 жылдай ескі ағаш үйде тұрдық. Оны ата-анамыз салған болатын. Жаңа үймен, әрине, салыстыруға болмайды. Үйдің құрылысын бірінші күннен бақылап, сырттан қарап жүрдік. Президентімізге қысқа уақытта бізге үй беріп, барлық жағдай жасағаны үшін алғысымыз шексіз», –  деп қуанышын бөлісті Қостанай тұрғыны Любовь Оганова.

Қостанай тұрғындарымен бірге қоныстойын Алтынсарин ауылының тұрғындары да атап өтті. 21 үйдің кілтін «Қазақстан Халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева табыс етті.

Өңірде су тасқыны салдарын жою жалғасып жатыр. Қанат Бозымбаев Алтынсарин ауылындағы жөнделген тұрғын үйді аралап, бизнесі зардап шеккен жергілікті кәсіпкерлермен және тұрғындармен кездесті.

Вице-премьер Қостанай ауданындағы Тобыл қаласындағы бөгетке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің сапасын тексерді.

Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев жергілікті атқарушы органдар мен бейінді министрліктерге бірқатар тапсырма берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда утиль алымы жойылмайтын болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.