Вейп пен электронды темекі қатерлі істік тудыруы мүмкін – Онколог-дәрігер – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Вейп пен электронды темекі қатерлі істік тудыруы мүмкін – Онколог-дәрігер

20.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Жұман Киіков/Kazinform

– Қазақстанда жыл сайын бас және мойын ісігінің 1500-ден астам жағдайы анықталады. Оның ішінде 500-ден астам адам қайтыс болады. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың лор-онкологы, профессор Болат Шалабаев бас және мойын қатерлі ісігінің себебін айтып берді.

Маманның айтуынша, ісіктің пайда болу қаупін азайту үшін бірінші кезекте темекіден бас тарту керек. Электрондық темекі мен вейптер ағзаны қатты улайды. Әсіресе әйелдерде көмейдің шырышты қабаты өте сезімтал. Көмей қатерлі ісігімен ауыратын әйелдердің басым бөлігі – шылым шегетіндер.

«Бұл – жағымсыз сипаттағы өте қауіпті әуестік. Өте зиян. Сондықтан жақында біздің мемлекетімізде вейптерге тыйым салынды. Бұл өте дұрыс шешім болды, өйткені онда бірыңғай химия бар», – деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, Б.Шалабаев өз тәжірибесінде тұрмыстық химиядан да көмей ісігі туындаған екі жағдайды айтып берді. Бір науқас кір жуғыш ұнтақты буып-түю орнында жұмыс істеген және өндірістік шаңды жұта берген. Екінші науқас әйел сабын-жуғыш саттарды сату бөлімінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Дәрігер елімізде онкофобия кеңінен тарағанын және қазақстандықтар дер кезінде дәрігерге жүгінбейтінін атап өтті.

вейп
Фото: Жұман Киіков/Kazinform

«Біз ісіктің дамуын тоқтататын немесе мүлдем құтылудың барлық жолын қарастырамыз. Науқастар толыққанды тексеріледі және әрқайсысына жеке емдеу жоспары жасалады. Көп жағдайда науқастар бір емес, бірнеше аурумен келеді. Жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, қант диабеті және бүйрек аурулары қатар жүреді. Көбінесе қатерлі ісік созылмалы аурулар аясында жасырынып жатуы мүмкін. Қазақстандықтар елеусіз болып көрінуі мүмкін кішкентай ісікке де назар аударуы қажет. Ең бастысы дәрігерге уақытында тексерілу. Көп науқастар құнды уақытын өткізіп алады, олар келгенде ісікті көзбен-ақ байқауға болады», – дейді Болат Шалабаев.

Айта кетейік, 20 шілдеде Дүниежүзілік бас және мойын қатерлі ісігіне қарсы күрес күні аталып өтеді. Егер сізді жазылмайтын ойық жара, жұтыну кезіндегі ауырсыну, қарлығу, сөйлеу бұзылыстары, мұрыннан ірің ағу, созылмалы полип, жұтқыншақтың жыбырлауы, мойын немесе бет деформациясы, мұрын мен құлақтың бітелуі мазаласа, мамандарға жүгінген жөн.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Париж төріндегі қазақ төрешілері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Димаш өнер көрсетеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.