Алматыда көріктендіру нормаларын сақтамағандар жауапқа тартылады. Қала мәслихаты тиісті нормалар көзделген көріктендірудің жаңа ережесін қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Коммуналдық инфрақұрылым басқармасының басшысы Дулат Әшкеновтың айтуынша, құжат тротуардың, көгалдың және бизнеске іргелес басқа инфрақұрылымның жағдайына қойылатын талаптарды бекітіп,кәсіпкерлер аумақтарының жай-күйін бақылайды.
Құжатқа аудан әкімдігі мен нақты кәсіпкер екіжақты қол қояды. Бұл ретте, аумақты көріктендіруге қосымша шығын қарастырылмайды.
Норманың сақталуын аудандық әкімдік бақылап, оны орындамағаны үшін Полиция департаменті жауапкершілікке тартады.
Еске сала кетсек, бұған дейін қала мәслихатының сессиясында қаланы абаттандырудың жаңа стандарттары қабылданғанын хабарлаған болатынбыз. Ол бойынша ұйымдастырушылар бұқаралық іс-шаралардан кейін артын тазалауға міндеттелді.