Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Ел ішінде ол «Өтінемін, айтшы маған», «Сәттілік тілеймін», «Трики-трики», «Бүгінгі түн», «Ұлым менің», «Музыка сабағы», «Жылама, Мария», «Өтінемін, кет», «Мені сүй», «Барлық жағынан», «Сеніменен сөйлесемін», «Махаббат жолымен» деген әндерімен кеңінен танылған. Алғаш өнерін 1972 жылы Мәскеудегі Одақтар Үйінің Колонналы залында өнер көрсеткен болатын.
Бүгінде өнер майталманы Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің құрметті профессоры, 2000 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі құрметті атағы және 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСРнің Халық артисі құрметті атағымен марапатталды. 2003 жылы “Платинды Тарлан” тәуелсіз сыйлығының иегері. 2004 жылы Президент Жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі Достық ордені мен марапатталды. Құрмет орденінің иегері секілді ол өзге де көптеген марапатқа ие.