Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр (ФОТО) – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр (ФОТО)

22.07.2024
0
Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр (ФОТО)
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Алматыда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың көшпелі оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Ұлттық құрама қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады, деп хабарлайды altyalash.kz Halyq Uni.не сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиынына 12 спортшы қатысады: іріктеуден өткен 10 спортшы және тағы 2 спортшы резервте болады. Оның ішінде 6 ер адам, 4 қыз көшпенділер ойындарының ережелеріне сәйкес жарыстарға қатыспақ.

Жаттығулар өте қарқынды жүріп жатыр, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аз қалды. Сондықтан біз қазір жаттығуды күшейтіп, жаңа әдістерді үйреніп жатырмыз. Спортшыларымыз халықаралық деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінде спорттың осы түрі бойынша Көшпенділер ойындарына қатысуға 35 ел тіркелген, бұл деген 300-ге жуық спортшы. Барлығы біздің спортшылармен бір аренаға шығып, бірінші орынға таласады. Осындай дайындық арқылы біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз және спортшыларымыз тұғырда көк туымызды міндетті түрде көтереді, – деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Диас Ахметов.

Дайындық барысы туралы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ербол Тапенов айтып берді.

Мен 5 жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі садақ атумен айналысып келемін. Бұл ерекше спорт, өйткені ол зейінді, шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтан өтіп жатырмыз, іріктеуден өттік, ойынға қатысушылар құрамына кірдік. Өзімізді жоғары деңгейде көрсетеміз деп ойлаймын, – деді спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық садақ ату федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, JORYQ федерациялары да кіреді. Ал қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Камала Харрис — АҚШ президенттігіне ресми үміткер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

29 шілдеде «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.