20 аспаптың құлағында ойнайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

20 аспаптың құлағында ойнайды

23.07.2024
0
20 аспаптың құлағында ойнайды

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
Бір өзі жиырма музыкалық аспапта ойнайтын атыраулық Абзал Сиғуатоллаұлы небәрі 24 жаста. Абзалдың 20 аспапта ойнаған шағын бейнеклипі қазір әлеуметтік желіде кең таралып жатыр. Бір не үш емес, жиырма аспапты меңгеріп алған Абзал – қарапайым ауылдан шыққан талант.
Абзал Сиғуатолла – Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі Жасқайрат ауылының тұрғыны. Ол отбасының кенжесі.
«Қарапайым отбасында дүниеге келдім. Үйде бес баламыз. Оның үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала. Музыкалық аспаптарға деген қызығушылығым бала кезімнен басталды. Себебі әкем Сиғуат – музыкант. Арнайы музыкалық білімі болмаса да, әкем 3-4 аспапта еркін ойнайды. Ауылдың той-томалағы, сауықкештерінің сәнін келтіріп отырады. Әкемнің домбыра тартып отырғанын бала күнімнен көріп өстім. Домбыраның үні ерекше әсер ететін. Шыны керек, қазақтың қай аспабын тыңдап көрсеңіз де, дархан дала, асау жылқылар, қыран бүркітті көз алдыңа әкелетіндей бір сиқырлы үні бар», – дейді Абзал. Осылайша, Абзал өнер жолын қууға бел буған.Ауыл мектебінде білім ал­ған Абзал 7-сыныптан бастап, Атырау қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы да­­­­рынды балаларға арналған академияға оқуға түседі. Академияда жү­ріп, вокал-пианино ба­ғытына маманданады.

– Өнерге деген қызығушылығымды оятқан әкеме алғысым шексіз. Сол кісінің септігімен бала кезімнен үлкен сахналарда ән айтып, көптеген конкурстан жүлдемен оралып жүрдім. Кейіннен шеберлігімді шыңдау мақсатында облыс орталығына қоныс аудардым. Академияны аяқтағаннан кейін жоғарғы білімімді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Өнер факультетінде жалғастырдым. Табиғи талантын кәсіби біліммен ұштастырған Абзал одан әрі Құрманғазы атындағы консерваторияда оқуымды жалғастырдым», – дейді.

Түрлі аспаптың құлағында ойнайтын Абзал қазір Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы «Сармад» этно-фольклорлық ансамблінде және Орал қаласындағы DD RECORDS командасында жұмыс істеп жүр.

«Шыны керек, аспаптардың әлемі бөлек. Қазіргі қоғам жеңіл әндерді ғана қабылдайды. Ұлттық өнерді қабылдауға әлі дайын емес. Сол себептен басты мақсатым – ұлттық аспаптар эстрадасын дәріптеу», – дейді Абзал.

Қазір Абзал ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен микс жасап, эстрадалық бағытта әндер жазып жатыр.

«Ұсыныстар болған жағдайда киноға да түсуім мүмкін. Бірақ ол кезде де мақсатым ұлттық өнерді насихаттау болады», – дейді Абзал.

Бір қызығы этно-фольклорлық стильдегі өнерге шетелдіктердің қызығушылығы жоғары екен. Абзал мұны шетелдердегі гастрольде көп байқайтынын айтады.

«Жақында Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы «Сармад» этно-фольклорлық ансамблімен Голландияға барып келдік. Ол жерде тұрғылықты қазақ диаспорасы, қазақстандық студенттермен бірге, шетелдіктер де болды. Біздің концертіміз олар үшін ерекше бір әлем болды дей аламын. Әр аспаптың үніне үңіліп, ерекше қошемет көрсеткен көрермендер біздің ұлттық на­қыштағы киімдерімізге де таңғалып, арнайылап сурет­ке түсіп жатты. Қазақтың өнері – киелі өнер. Жас ұрпаққа осыны дәріптеп, жеткізу – мақсатым», – деп отыр.

Абзал қазір қазақ өнерін әлеуметтік желілер арқылы дәріптеуді де қолға алған. Instagram, TikTok, YouTube же­лілеріне түрлі форматтағы музыкаларын жүктеп отырған Абзал қазақтың ұлттық өнерін насихаттайтын уақыт келгеніне сенімді.

Біз өнерпаздан бір аспапты меңгеруге қанша уақыты кететінін сұрадық.

«Егер адам шын ниеттеніп кіріссе, бір аспапты үйренуге 1 апта уақыт жет­кілікті. Ал оны жетілдіру – уақытпен келетін тәжірибе. Әр аспаптың өзіне тән киесі, энергетикасы болады. Бір қызыққан адамның ол әлемді жай ғана тастап кетуі мүмкін емес», – дейді Абзал.

Дала жыры, рухты, қазақтың ән-­күйлерін және әуендерін заманауи, этно-джаз стилінде орындап жүрген Абзалдың қазақтың өнерін әлемге та­нытатынына сенеміз.

 

Атырау облысы,

Баян Жанұзақова

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов диқандарды қолдау туралы: Алғаш рет жеңілдетілген несиелеу көлемі 580 млрд теңгеге жеткізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АЙС» СЕРІКТЕСТІГІ СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАЛАРҒА ЖЫЛЫНА 800 БАС СИЫР ӨТКІЗЕДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.