Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарКәсіпЭкономика

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН QR-КОД ЕНГІЗІЛЕДІ

фото:ашықдереккөз

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерінің толық қадағалануын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

«Малдың сойылуына жол бермеу мақсатында сойылғанға дейінгі ветеринариялық тексеруді және өлекселер мен ағзаларды өлгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүзеге асыру мақсатында басқарма «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі», – деп түсіндірді ведомство.

Жүйе ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама сертификатын беруді автоматтандырады, сонымен қатар толық ақпараты бар QR кодын жасайды. Бұл QR ет сатылатын орындарға қойылады, бұл малды ветеринариялық сараптамасыз және өлекселер мен ағзаларды тексерусіз союдың алдын алуға көмектеседі.

Қазіргі таңда жоба барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жүзеге асырылуда. Оған 1664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1470-тен астам ветеринарлар, ЛВСЭ зертханалық қызметкерлері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.

Қазіргі уақытта QR коды арқылы 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама және 438 мыңнан астам сараптама қорытындысы шығарылды. Жүйе Ресеймен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өтті.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Анадолы селжұқтары мен Жошы ұлысының байланысы – орта ғасырдағы ең маңызды тақырып – Абдуллах Гюндоғду

admin_altyalash

Жобаның басты артықшылықтары – бордақылау шаруашылықтарын шоғырландыру арқылы өндірістік процестерді оңтайландыру

admin_altyalash

ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

admin_altyalash