Биылғы жарыс біздің ел үшін өте маңызды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биылғы жарыс біздің ел үшін өте маңызды

24.07.2024
0
Биылғы жарыс біздің ел үшін өте маңызды
фото: Астана әкімдігі

Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде Паралимпиада спортшыларын қолдау мақсатында «Шексіз мүмкіндіктер» атты шығармашылық кеш өтті

Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларына қолдау көрсету мақсатында өткен кешке параспортшылар және қала тұрғындары жиналды, деп мәлімдеді елорда әкімдігі.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық дарялау орталығының баспасөз хатшысы Құралай Әшімханованың сөзінше, ұлттық құрамада араға 28 жыл салып, волейболды отырып ойнаудан Паралимпиадаға жолдама жеңіп алған команда бар.

Бүгінгі кеш Паралимиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Былтыр Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алып, Паралимпиадаға спорттың волейболды отырып ойнау түрі бойынша жолдама алған команда қатысады. Қазақстан құрамасы 1996 жылы Атлантада өткен Паралимпиадаға қатысып, 8 орын алған еді. Содан бері 28 жыл өтіп, енді міне ұлттық құрама жолдама жеңіп алды. Ұлттық құрамада 12 адам бар. Бүгінде олар әлемдік додаға дайындалып жатыр», – дейді Құралай Әшімханова.

Биыл еліміз Паралимпиадаға 32 жолдама жеңіп алып, спорттың 9 түрінен бақ сынайды. Оның ішінде 5 елордалық спортшы бар.

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құраманың бас жаттықтырушы Бауыржан Тақауов та шығармашылық кешке қатысып, барлық спортшыларға сәттілік тіледі.

«Біздің жігіттердің дайындығы жақсы. Биылғы жарыс біздің ел үшін өте маңызды. Әлемдік додаға параволейболдан 8 мемлекет қатысады. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін», – деді Бауыржан Тақауов.

Кеште парабишімен домбырашылар таланттарын көпшілікке паш етті. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Qanattylar» инклюзивті театр актерлерінің орындауында дактильді тілмен ән айтылды.

Айта кетейік, еліміздің отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы әлемдегі үздік 6 команданың қатарында.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астана мектептерінде этно және археологиялық лагерьлер жұмыс істейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.