Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарКәсіпЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 200 МИЛЛИОН ЖҰМЫРТҚА ШЫҒАРАТЫН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

фото:ашықдереккөз

Түркістан облысында 600 мың құсқа арналған жұмыртқа құс фабрикасы салынады. Кәсіпорын жылына 200 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Құс фабрикасы Бәйдібек өңірінде салынады. Мұнда жем-шөп шығаратын цехты да іске қосу жоспарлануда. Қазір бұл кәсіпорындарға 100 гектар жер телімі рәсімделіп жатыр.

Жобаның жалпы құны – 8 млрд теңге, «Ернұр» ЖШС өз қаражатын өндіріске салады. Құрылысы биыл басталады. Қазіргі таңда жем өндіру үшін Түркиядан 1,5 миллиард теңгеге құрал-жабдықтар алынды. Оның өнімділігі сағатына 20 тонна өнім. Құс фабрикасы 600 мың басқа есептелген. Жұмыртқаларды бірінші кезекте ішкі нарыққа шығару жоспарлануда. Зауыт толық қуатында іске қосылғанда мұнда 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Алаяқтар қазір жасанды интеллектінің көмегімен алдайтын болған — сарапшы

admin_altyalash

Төтенше жағдайлар министрлігіне өз қызметін сыни тұрғыдан қайта таразылау міндеті жүктелді

admin_altyalash

Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек

admin_altyalash