Олжас Бектенов қаза тапқан ферроқорытпа зауыты жұмысшыларының отбасына көңіл айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов қаза тапқан ферроқорытпа зауыты жұмысшыларының отбасына көңіл айтты

25.07.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 — Олжас Бектенов Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы ТЖ салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы қайғылы оқиға салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Оқиғаның себептерін анықтау менің жеке бақылауымда. Қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі», — деді Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда Қарағанды ферроқорытпа зауытында ТЖ салдарынан болған апаттың себептерін тергеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, балалары бар қаза тапқандардың отбасына асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты республикалық бюджеттен жәрдемақы және МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Қаза тапқандардың отбасы сақтандыру ұйымынан төлемдер және БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем алады.

Сонымен қатар жұмыс беруші компания жерлеу рәсімінің барлық шығынын, сондай-ақ келесідей міндеттемелерді:

— қаза тапқан қызметкерлердің отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем беруді;

— қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесуді;

— қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелерінің барлық несиесін толық өтеуді өз мойнына алды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті.

Олар профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды дәрігерлеріне елордадан әріптестері көмекке келді.

Осыдан үш күн бұрын денесін 85% күйік шалған Музафар Исмаилов та көз жұмған еді. Ол кеше Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді.

Кеше 25 жастағы Ерұлан Қазкен ауруханада көз жұмды. Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Бүгін таңертең Қарағанды ауруханасында ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды.

Тағы төрт науқас әлі де ауыр жағдайда жатыр.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шәкірттеріміз білім додаларында бақ сынып, жүлдегер атанып республика мерейін асқақтатуда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

18 жастағы жігіттің жүрегін басқа адамға салып жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.