ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жартыжылдық қорытындысы аясында білім саласында қызмет ететін республиканың түкпір-түкпіріндегі әр мұғалім өз-өзіне есеп берері хақ.
Қазіргі таңда біздер, Алматы қаласы ұстаздары қала, республика, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, білім жетілдіріп, түрлі кәсіби байқауларға қатысып, білім саласына жаңа серпіліс сыйласақ, авторлық бағдарлама, оқулық, әдістемелік, көмекші құралдардың авторлары, түрлі байқаулардың жеңімпаздары атансақ, ол – ең алдымен, бізге берілген мүмкіндіктің нәтижесі.
Кәсіби шебер ұстаздардан тәлім алған шәкірттеріміз қалалық, республикалық, халықаралық түрлі танымдық шығармашылық байқауларда, білім додаларында бақ сынып, жүлдегер атанып, республика мерейін асқақтатуда.
Осы орайда, мен, Алматылық ұстаз ретінде кәсіби өрлеуіміз бен шығармашылық дамуымызға мемлекет тарапынан жасалған бар жағдай мен мол мүмкіндіктерге барша ұстаз қауымы атынан алғысымды білдіргім келеді.