Олжас Бектенов Абай өңіріндегі өнеркәсіптің дамуымен танысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов Абай өңіріндегі өнеркәсіптің дамуымен танысты

26.07.2024
0
Олжас Бектенов Абай өңіріндегі өнеркәсіптің дамуымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысының индустриялық дамуымен танысты. Отандық кәсіпорындарға, атап айтқанда ірі машина жасау өндірістеріне және қаптама материалдар мен цемент шығаратын зауыттарға барды.

Олжас Бектенов «Қазполиграф» ЖШС өндірістік қуатын аралап көрді. 83 жылдық тарихы бар ең көне комбинат тамақ өнеркәсібіне арналған қаптамалардың барлық түрін жасайды. Жыл сайынғы өндіріс көлемі қағаз және картон ыдыстардың, полимерлі пленкалардан жасалған престелген және қаптама бұйымдарының шамамен 35,5 мың тоннасын құрайды. Барлық ассортимент қазақстандық азық-түлік өндірушілер арасында үлкен сұранысқа ие, сондай-ақ көрші елдерге экспортталады.

 «Біздің зауыт 1941 жылдан бері жұмыс істейді, мұнда 700-ден астам адам еңбек етеді. Біз орағыш материалдар, гофрленген қаптамалар, тамақ өнеркәсібіне арналған жапсырмалар және басқа да өнімдер шығарамыз. Біз пленка, пергамент, фольга, эколин сияқты материалдарды қолданамыз. Өнімдерді Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға жеткіземіз», — деді «Қазполиграф» ЖШС сыртқы экономика жөніндегі директоры Қайрат Омарғалиев.

Премьер-Министр өңірдің және жалпы республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысты. Абай облысы көкөністерге, ұнға, макарон және ет өнімдеріне деген өз қажеттілігін толық көлемде жабады (сиыр еті бойынша – 229%, құс еті бойынша – 151%). Өткен жылы өңір ет өндіруді 3%-ға (83,8 мың тоннаға дейін) және сүт өнімдерін өндіруді 2,4%-ға (289,6 мың тонна) ұлғайтты.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 1958 жылы салынған «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС-де болды. Кәсіпорын 2016 жылдан бастап толық жаңғырту бағытына бет бұрды. Меншікті вагондар паркі сатып алынды, өндірістік қуатты арттыру бойынша жаңа желілер енгізілді, екі пештің электр сүзгілерін заманауи жоғары тиімді шаң ұстайтын жабдыққа ауыстыру бойынша экологиялық жобалар іске асырылды.

Зауыттың қуаттылығы жылына 1 150 мың тонна цементті құрайды. Өнім Қазақстан нарығында сатылып, шетелге экспортталады.

«Біз орта және жоғары деңгейлі тауарларды өндіруге баса назар аударамыз. Алайда, сонымен бірге барлық жерде қолданылатын цемент, бетон, темір-бетон өнімдері сияқты негізгі материалдармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар туралы ұмытпау керек. Биыл Үкімет алдына рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылды. Бұл құрылыс материалдарына сұраныстың артуына әкеледі. “Семей цемент зауыты” – жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі және қалаға әлеуметтік көмек көрсететін бизнестің жауапты өкілі. Үкімет тарапынан мұндай кәсіпорындарды қолдаудың барлық қажетті шаралары қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-Министр сонымен қатар «СемАЗ» ЖШС машина жасау зауыты және Семей машина жасау зауытына барды. Үкімет басшысына кәсіпорындардың технологиялық желілерін дамытудың ағымдағы қызметі мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Анықтама: Биылғы қаңтар-маусым айларында Абай облысында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 895,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішімен салыстырғанда ұлғайды (2023 жылы 673,6 млрд теңге).

ЖӨӨ-дегі (жалпы өңірлік өнімдегі) өнеркәсіптің үлесі 3 айда 41%-ды құрады. Сондай-ақ осы жылы өңірде өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны — 26,5 мың адамға өсті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркістан облысында тамшылатып суару әдісімен күнбағыс өсіріліп жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОПЕРАТОРДЫ БАЛАҒАТТАҒАН СЕМЕЙЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.