фото:ашықдереккөз
Венгрияның Globalia Ltd компаниясы елімізде агроөнеркәсіптік жобаларды жүзеге асырмақ. Дәлірек айтсақ, компания бұл жобаның жұмысы Ақмола облысында басталады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметнің мәлімдеуінше, жобаның негізгі мақсаты – Венгрияда әзірленген заманауи агротехнологияларды пайдаланып, ауыл шаруашылығының дамуына үлесін тигізу. Сонымен қатар 27 гектар аумақта агробизнеске қатысты шамамен 7-8 түрлі қызмет түрі көрсетілед.
«Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты технологиялар мен озық әдістер, өнім өндіруден тұтынушыға дейінгі жолды бақылау, яғни мониторинг жүргізіледі. Сонымен бірге тауардың сапасы мен өндірілуі де жіті бақыланады. Әрі өнімнің экологиялық таза екеніне баға бере отырып, оның артықшыларын анықтау» – деп түсіндірді ауыл шаруашылығы басқармасында.
Жаңа технологиялардың барлығы дерлік табысты пайдаға асатыны сөзсіз деп күтілуде. Ол үшін арнайы қаражат бөлудің де қажеттілігі жоқ.
«Алдағы 2-3 жылдың көлемінде балық шаруашылығынан дамытудан бастап, климаттық зерттеулер мен топырақтың құнарлығын арттыру секілді басты мәселелерге назар аударылады. Онымен қоса, елімізде жем зауытын салу мен мал бордақылау зауытын ашу жобалары негізгі мақсаттардың бірі. Осы мақсаттарды жүзеге асыра отырып, ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар жақын болашақта түрлі өсімдіктердің сорттарын өсіретін жобалар да іске асырылмақ», – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Еліміз үшін маңызды жоба ретінде агропарктердің болуы ауыл шаруашылығы саласындағы нәтижелерді арттыра бермек. Агропаркте отандық өндірушілер мен жеткізу бағытының мамандары, сонымен қатар, ғалымдар мен фермерлер практикалық бағытта білім алып, тәжірибесін арттыра алады.
Ең негізгі тақырыптардың бірі топырақ құнарлығына қатысты Carbon Farming жүйесімен таныса алады. Әрі сол арқылы венгриялық технология бойынша тұқым шаруашылығын құру жоспарда қарастырылған. Бұл жоба Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында жүзеге асырылады деп таңдалды.
Ж.Жұманбаева
altyalash.kz