Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫ 90 ПАЙЫЗҒА ТОЛЫП, 5 МИЛЛИАРД ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖИНАЛДЫ

фото:ашықдереккөз

Елімізде суару кезеңінде басталған бері Шардара су қоймасындағы судың көлемі артты. Биыл 682 миллион теңше метр су диқандарға жеткізілді. Бүгінде су қоймасында  2,6 млрд м³ су жинақталған. Бұл өткен жылға қарағанда 600 миллион текше көп. Диқандардың сұранысына сәйкес 115 м³/с берілді. Жалпы шаруалардың алқаптарына жеткілікті су беру маңыздылығы алда тұр.

Түркістан облысындағы «Қазводхоз» филиалы Шардара өндірістік учаскесі бастығының орынбасары Ермек Исаның көктемде судың көлемі артқан. Соның арқасында су қоймасы 90 пайызға толды.  Шамамен 5 миллиард текше метр су жиналып, орта көрсеткіштен артып түскен. Бүгінгі көрсеткіш 125 ³/с құрайды. Жоспар бойынша Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілу қолға алынбақ.

Аймақ шаруалары соның арқасында мол өнім  аламыз деп жоспарлап отыр. Сонымен қатар қарбыз өндірісі жылдан жылға артып келеді. Шетелге экспорт көлемі де артты. Тамыз айында егілген екінші өнім де алынбақ. Бастысы – шаруанының көңілі тоқ. Диқандар бұрынғымен салыстырғанда жағдайымыз жақсарып қалды деп отыр.

Еске салайық, Мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының 86-шы үкіметаралық отырысында мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы Өзбекстаннан Қазақстанға 922 миллион м3 су жеткізу туралы келісімге қол жеткізілген болатын. Суару кезеңі басталғаннан бері Өзбекстаннан Қазақстанға барлығы 3,9 млрд текше метр су алынған. Еліміз су шаруашылығы бағытын дамытуға күш салып отыр.  Алдағы уақытта көрші елдермен ынтымақтастықты нығайтып, мәселені толық шешу көзделген.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Тарих пен тілді зерттеуге деген өзара ынта-ықылас аса маңызды екені даусыз

admin_altyalash

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

admin_altyalash

Алаяқтар Қазпоштаның атынан жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр

admin_altyalash