ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

29.07.2024
0
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

фото:ашықдереккөз

Қазақстанда сүт өндірісін дамытуға маңыз беріліп келеді. Елімізде ауыл шаруашылығы саласында бәсекелестікке байланысты сүт өндірісінің сапасы артып келеді. Сонымен бірге сүт және тауарлық фермалардың санын арттыру мәселесі – басты назарда. Қазақстан диқандары түрлі дақылдарды өсіру арқылы сүт фермаларының жем-шөп қорын толықтыруға күш салуда.

Бүгінде елімізде сүт-тауарлы шаруашылығында қуаттылығы 373 мың тоннадан асатын ферма пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өндірістік қуаттылығы 67,2 мың тонна сүтті құрайтын 16 жоба іске қосылды. Бұл туралы ауыл шаруашылыңы министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, сүт-тауарлы фермаларды салу аясында биыл 30 мың бас асыл тұқымды мал әкелу жоспарлануда. Бүгінгі таңда сегіз облыс 7,4 мың бас мал әкелді. Сонымен бірге осы жылы ет өндіру бойынша құс фабрикаларын құру және кеңейту бойынша жалпы қуаттылығы шамамен 72 мың тонна құс етін құрайтын 10 жоба жоспарлануда. Оның ішінде Алматы және Қызылорда облыстарында екі жоба жүзеге асады.

2023 жылы сүт өндіру, жасанды ұрықтандыру кезіндегі ұрық және асыл тұқымды мал сатып алу құнын төмендетуге 35 млрд теңге бөлінді. Министр мамандандырылған сүт-тауарлы фермалар өнім көлемінің прогрессивті өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті. Соңғы үш жылда МТФ-да сүт өндіру 20 пайызға дерлік артып, 600 мың тоннадан асты. Сүт зауыттары өткен жылы барлығы 2,1 миллион тонна сүтті өңдеген. Кәсіпорындарды сапалы шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2023 жылдан бастап 65 заманауи сүт-тауар фермасын салу үшін жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылды.

«Бұл мақсаттарға 100 млрд теңге бөлінді. Салада бұрын-соңды мұндай жеңілдікті қаржыландыру көлемі болмаған. Алдағы үш жылда бұл бағдарлама бойынша 118 жоба жүзеге асырылып, сүт өндіру көлемін екі есеге арттырып, бұл көлемді 1,2 миллион тоннаға жеткізу көзделген», – деді Айдарбек Сапаров өз жоспарларын. Министр сонымен қатар сүттің өзіндік құнын төмендету бойынша ведомствоның атқарып жатқан шараларына тоқталды. Өңдеуге кететін шикізат құнының 70 пайызына дейін жем шығыны құрайтыны белгілі. Олардың құнын төмендету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімділікті арттыру, егіс алқаптарын әртараптандыру және суаруды дамыту бағытында жұмыстар жүргізуде. «Биыл алғаш рет егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіру көлемі үш есеге артып, 580 млрд теңгені құрады. Бұл 9 миллион гектарды немесе егіс алқабының 38 пайызын қамтиды. Мал азықтық дақылдардың егіс көлемі 3,2 миллион гектарға дейін ұлғайтылды. Мемлекет тарапынан тауар өндірушілерге ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға да жан-жақты қолдау көрсетілуде. Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары әзірленіп, қабылданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджеттік комиссияның алдында 372 млрд теңгені қорғады, ол бес жыл ішінде өңдеуді дамытуға бағытталады. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға 222 млрд теңге қарастырылған. Қабылданған шаралардың барлығы өңделген өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік береді», – деді министр.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚАЗАҚСТАНДА КӨКӨНІС ӨНДІРІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жол құрылысы рекорды, әуе паркін кеңейту, вагон паркін жаңарту,теңіз көлігі-логистикалық кластерін құру, жүктерді транзиттік тасымалдау,

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.