Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Қатал қысқа біз қазірден бастап жан-жақты даярлануға тырысамыз

«Бурабай» МҰТП мемлекеттік инспекторлары жабайы жан-жануарларға арналған науаларды жөндеп, шөп шауып, ағаш бұталарынан бума дайындап жатыр.
Шөп Ұлттық парктің арнайы бөлінген учаскелерінде шабылып, ашық алаңдарда кептіріледі. Шабындық қазан айына дейін жалғасып, 450 тоннадан астам шөп орылуға тиіс.
Қазіргі таңда 147 мың дана бума әзірленіп, жоспар 70%-дан артық орындалды. Қайың және басқа да ағаштардың жапырақтары жануарлардың ас қорыту жүйесіне пайдалы екенін айта кеткен жөн. Оны кептіріп, құрғақ жерде сақтау керек, көгеріп кеткен буманы аңдар жемейді.

«Қыс айларында жерді қалың қар мен қатқыл мұз басқан кезде жануарлардың тебіндеуі, өз бетінше азық тауып жеуі қиындайды. Науаға салынған шөп пен минерал тұз бұғы-маралдарға, еліктер мен бұландарға және қабандарға қыстан аман шығуға көмектеседі. Сол үшін алдағы қатал қысқа біз қазірден бастап жан-жақты даярлануға тырысамыз», – дейді бас орманшы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Бауыржан Махметов.

Басқа мамандық иелері жаз уақыты үшін демалыс кезеңі болса, Ұлттық парк  инспекторлары үшін жұмыстың ең қызатын уақыты. Жем-шөп даярлаудан бөлек, өсімдік зиянкестерін анықтау, ауырған ағаштарды уақытылы емдеу, орман питомнигіндегі көшеттерге күтім жасау, өрт сияқты табиғи апаттардың бетін қайтару сияқты шаруа шаш етектен.

Жыл сайын Ұлттық паркке келушілер қатары көбейіп келеді.  Сондықтан аумақты қоқыстан санитарлық тазартуға, халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуге де көп уақыт пен күш-жігер керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қанат Бозымбаев «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт қауіпсіздігі шараларымен танысты

admin_altyalash

Қарағанды ұжымдары фестиваль сахнасында алғашқылардың бірі болып өнер көрсетті

admin_altyalash

Қазақстанда “Әділет” атты жаңа саяси партия құрылмақ

admin_altyalash