Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Instagram-дағы парақшасында Париж Олимпиадасына қатысып жатқан боксшыларды сынға алды.
Оның айтуынша, боксшыларымыздың физикасы өте нашар. Екінші раундта тыныс алуы қиындап, рингте әзер жүр.
Соққылары тым аз. Сериялық соққылар тіпті аз. Үш минутта қанша соққы жасауға болады? Физикамен айналысады деп арнайы шақыртылған мамандар қайда қарап жүр? Жалпы ғылыми топ мүшелері қайда? Неге біздің боксшыларға шаршы алаңда дем жетпей қала береді? Неге үш раундта аяққа тұра алмайды? Бәрің шұбырып не істеп жүрсіңдер?
Сосын тағы бір сұрағым бар: әрбір боксшы лицензия алғаннан кейін Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен Бейжің Олимпиадасына дейін жарты жылда 22 кездесу өткіздім. Ал бас бапкерге айтатын сөзім жоқ», – дейді Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, Олимпиадаға барған үш боксшымыз алғашқы жекпе-жегінде жіңіліп қалды.