Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША СОТТАЛДЫ

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Элеваторлық қуаттарды босату бойынша шаралар кешенін іске асырылуда

admin_altyalash

Бүгінгі таңда кино, анимация және театр өнері мәдени саясаттың ғана емес, креативті экономиканың да маңызды сегментіне айналуда

admin_altyalash

20 аспаптың құлағында ойнайды

admin_altyalash