Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮШІН 175 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

фото:ашықдереккөз

Қостанай облысында көктемгі егін жұмыстарына 120 миллиард теңге берілген еді. Ал жалпы алғанда мемлекет қазынасынан 175 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы  Өңірлік кәсіпкерлер палатасында хабарланды.

Jańa Dala / Green Day ‘2024 көрмесінің  ашылу салтанатында аймақ әкімі Құмар Ақсақалов мемлекет тарапынан бөлінген қаржы мақсатты пайдаланылып, ауыл шаруашылығының дамуына септесуі қажет екенін айтты. Шын мәнінде мал шаруашылығын дамыту өңір үшін өзекті тақырып. Шүбі шүйгін, суы мол аймақ ретінде Қостанай облысының әлеуеті зор. Аймақ басшысы да осы мәселені тереңінен ұғынып, фермерлерге шаруашылықты кеңейтуге күш салу керек деді. Бұл бағытта облыста 80 шаруашылық еңбек етіп келеді.

– Бізге техниканы тиімді пайдалануымыз керек. Агро өнеркәсіп кешені  саласындағы жоғары әлеуетке қарамастан, бүгінде мал шаруашылығын дамытудың жаңа тәсілдерін табуымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, өңірде бұл бағытта 80 шаруашылық осы бағытпен айналысады. Олардың қатарын арттыру біз үшін маңызды, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін молайтуға күш салу басты мақсатта. Осы бағыттарға назар аудара отырып, өңірде зауыттар салу қарастырылып отыр. Әкім де аймақта астықты терең өңдеу зауыты салынатынын хабарлады. Мұнда аминқышқылдары, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебегі өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Ж.Жұманбаева
Altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының әлемдік рейтингтегі орны өзгерген жоқ

admin_altyalash

«Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

admin_altyalash

Бүгін “Ұлы дала жорығы” халықаралық ат бәйгесінің екінші күні

admin_altyalash