– Жаңа оқу жылында Еуразия ұлттық университеті студенттерді жатақханамен толықтай қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан салынып жатқан 4 cтуденттік үй құрылысына жеке инвестиция тартылған және соның бірі биыл пайдалануға берілмек.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Ерлан Сыдықов бастаған жоғары оқу орнының басшылығы Жұмабаев көшесі мен Кенен Әзірбаев көшелерінің бойындағы жаңадан салынып жатқан Студенттік үйлердің құрылыс жұмысымен танысты.
Сапар аясында жаңа оқу жылына дайындықты көзбе-көз көру мақсатында құрылыс жұмыстарының сапасы тексеріліп, мердігер компаниялармен кездесу өткізілді.