Елордада «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесі басталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесі басталды

01.08.2024
0
Елордада «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесі басталды

Елордадағы «Аймақтау» сауда үйінің маңында мектеп жәрмеңкесі басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Мектепке жол» акциясы аясында өтетін дәстүрлі жәрмеңкеде кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады.

«1 тамыздан 31 тамызға дейінгі аралықта өтетін «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесі басталды. Өткен жылғы іс-шара аясында 8 мыңнан аса бала мектепке дайындық жасаған болса, биыл 8,5 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

«Мектепке жол» акциясы, негізінен, демеушілердің және меценаттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, біздің жалпыға бірдей міндетті біліммен қамту бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 14 040 балаға аталған бағдарлама аясында көмек көрсетілсе, биыл 14 500 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары, отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайларға тап болған балалар және басқалары жатады. Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қазіргі уақытта мектептердің әлеуметтік педагогтары білім алушылардың жаңа жиынтығын ескере отырып, мұқтаж балалардың тізімін қалыптастыруда. 2024-2025 оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрады» , – деді Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Құттымұрат Шамшиев.

«Аймақтау» сауда маңында орналасқан мектеп жәрмеңкесі күнделікті таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі сағат 20.00 аралығында 5 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, мұндай мектеп жәрмеңкелері қаладағы басқа да ірі сауда үйлерінде ұйымдастырылмақ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордада жасөспірімдер арасында «Grand Tour Biathlon» өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.