Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Үкіметте инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Фото: Үкімет

 — ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Астана қаласының инвестициялық бағдарламасы бекітілді, оның шеңберінде қажетті түйінді салалар мен жобалар ұсынылды.

Бағдарлама инвестицияларға «тапсырыс» моделіне көшуді көздейтін өңірлердің инвестициялық бағдарламасының 17 мамырда мақұлданған тетігінің логикалық жалғасы болды. Астана осы модельді енгізу үшін пилоттық аймақ болып таңдалды.

Отырыс барысында бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы мен келешегі талқыланды. Аммиак, карбамид және калий тыңайтқыштарын өндіруге бағытталған «KazAzot Prime» және «QAZAQ KALIUM LTD» сияқты жобаларға ерекше назар аударылды. Бұл жобалар аграрлық секторды қажетті тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады және өңір экономикасының дамуына ықпал етеді.

Энергетика секторына инвестициялар тарту күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде қарастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: БЖЗҚ алғашқы болып төлем алатындардың тізімін жасады

admin_altyalash

Барыс бейнесі

admin_altyalash

Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды

admin_altyalash