Олжас Бектенов Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты

03.08.2024
0
Олжас Бектенов Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында APEC PetroTechnic жоғары колледжінде ел экономикасы үшін жоғары білікті мамандар даярлау ісімен танысты.

Премьер-Министр колледжде мұнай-газ ісі мамандарын оқытатын зертханалар мен жаттығу полигондарын аралады.

Колледж білім беру қызметтерін әлемдік озық тәжірибелер мен заманауи жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырады. Оқу процесі жаңа білім беру бағдарламаларына баса назар аудара отырып құрылған. Олардың әрқайсысының мазмұны халықаралық стандарттар мен озық әлемдік тәжірибені, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік мұнай-газ компанияларының талаптарын ескере отырып әзірленген. Студенттер бүгінгі таңда мұнай және газ индустриясында негізгі құрал болып саналатын ағылшын тілінде оқып жатыр.

Олжас Бектеновке мұнда даярланған кадрлардың жоғары сұранысқа ие екені баяндалды. Мәселен, бүгінгі таңда APEC PetroTechnic түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90%-дан асады және үш жыл ішінде динамика айтарлықтай жақсарған. Егер 2022 жылы түлектердің 92,2%-ы жұмысқа орналастырылған болса, қазір бұл көрсеткіш 97,5%-ға жетті. 2013 жылдан бастап колледж 2790-нан астам маман дайындады, олар қазір алған білімін ірі мұнай-газ, мұнай сервисі, энергетика және IT компанияларда табысты қолданып жүр. Олардың қатарында «Теңізшевройл», North Caspian Operating Company N.V., «ҚазМұнайГаз», KEGOC, Chevron, British Petroleum секілді алыптар мен басқалары бар.

Бұдан басқа, APEC PetroTechnic Теңіз кен орнын келешек кеңейту жобасы құрылысының аяқталуына байланысты кезең-кезеңімен босатылып жатқан қызметкерлерді қайта оқыту бойынша елімізде іске асырылып жатқан маңызды әлеуметтік жобаға қатысып отыр. 2019 жылдан бастап аккредиттелген оқу орындарында 11 еңбек мамандығы бойынша 2,5 мыңнан астам адам оқытылды (оның ішінде Жылыой ауданының 350-ге жуық тұрғыны оқытылды). Арнайы мамандандырылған курстардан өткеннен кейін 80%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Атырау облысының әкімдігі мен «Теңізшевройл» ЖШС арасында 2024 жылға арналған Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Оның шеңберінде жыл басынан бері 94 адам сұранысқа ие мамандықтарды оқуға кірісті. Биыл барлығы 250 адамды қамту жоспарлануда. Халықаралық үлгідегі сертификат оларға табысты жұмысқа орналасуға және ары қарай өңірдің мұнай-газ компанияларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы отандық кадрларға сұранысты арттырудың және шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті қысқартудың маңызын атап өтті.

«Оқу орындары әлеуетті жұмыс берушілермен ұзақмерзімді серіктестік орнатуы керек. APEC PetroTechnic колледжі – осындай мекемелердің бірі. Біздің елімізде осы тәріздес мекемелер көп болуы тиіс, өйткені олар жалпы білім беру жүйесінің дамуына қуатты серпін береді, нарыққа қажетті дағдылары бар әрі әлемдік нарыққа еркін шыға алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға жол ашады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда 772 колледж жұмыс істейді, онда 528 мыңнан астам студент оқып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің 518 кәсіпорны 410 колледжге қамқорлық жасайды. Премьер-Министр Оқу-ағарту министрлігіне ағымдағы жағдайды талдауды және осындай мекемелердің санын басқа өңірлерде де көбейту мәселелерін қарауды тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Президенттің Атырау облысындағы мұнай, газ химиясын және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Құлсары қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.